COVID-19: Ақмола мен Павлодар облыстары «қызыл аймаққа» кірді

10 Қаңтар 2021, 11:41
2235
Бөлісу:
COVID-19: Ақмола мен Павлодар облыстары «қызыл аймаққа» кірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ 10 қаңтардағы ел бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Аталмыш матрицасының деректеріне сәйкес, кеше Атырау облысы ғана «қызыл» аймақта болды.

COVID-19: Ақмола мен Павлодар облыстары «қызыл аймаққа» кірді

Дегенмен 10 қаңтардағы матрица мәліметтеріне сүйенсек, «қызыл» аймаққа Ақмола мен Павлодар облысы енген. Ал елорда болса, «қызыл» және «сары» аймақтың ортасында орналасқан.

«Сары» аймақта Атырау, СҚО, Қостанай, БҚО облыстары мен Алматы қаласы бар. 

Қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта. 

Айта кетейік, жалпы Қазақстан «сары» аймаққа енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы