COVID-19. Жазылып шыққандардың көбісінде синдром белгілері бәрібір байқалады

18 Желтоқсан 2020, 15:30
1930
Бөлісу:
COVID-19. Жазылып шыққандардың көбісінде синдром белгілері бәрібір байқалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иммунолог-дәрігер Николай Крючков COVID-19-дан жазылып шыққан әрбір бесінші адамнан постковидтық синдром белгілерінің байқалатынын мәлімдеді. 

Ол бұл көбінесе созылмалы аурумен ауыратын қарт адамдарда кездесетіндігін, бірақ жастар арасында да болуы мүмкін екендігін жоққа шығармады.

Дәрігердің айтуынша, посткоидтық синдромның жиі көріністері әлсіздік, концентрацияның нашарлауы, ұйқы мен есте сақтау, депрессия жағдайлары және қатты көңіл-күйдің өзгеруі жатады екен.

Жүректің соғысында ауытқулар болуы мүмкін. Өкпенің қатты зақымдануына байланысты тыныс алу жеткіліксіздігі сақталуы ықтимал. Сондай-ақ кеуде мен іштің ауыруы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы болады. Жалпы бұлшықеттер мен бастың жиі ауруы кездеседі, - дейді Крючков.

Ол осы белгілердің кез келгені пайда болса, дәрігерге қаралу керектігін, себебі бұл белгілер созылмалы түріне ауысуы мүмкін деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы