COVID-19: Жаңа тәсілмен есептелетін статистика қашан жарияланады?

1 Тамыз 2020, 17:37
1663
Бөлісу:
COVID-19: Жаңа тәсілмен есептелетін статистика қашан жарияланады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында тағайындалған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирустың жаңартылған статистикасы қалай қарастырылып жатқанын және оның қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Біз өте қиын процесс өткіздік. Екі апта ішінде науқастарды тіркеу жүйесінің сенімділігі үшін кодтау алгоритмі мен нұсқаулықтар жасалды. Біз қолданыстағы ақпараттық жүйені құрдық, осы кезең ішінде бүкіл медицина қызметкерлеріне жаңа деректерді қалай дұрыс енгізу керектігін үйреттік. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілінің техникалық кеңесіне сәйкес жаңа мәліметтер екіге бөлінді. Бірақ екі бөлік те коронавирус инфекциясы бар пациенттер ретінде қарастырылады, - дейді Бағдат Қожахметов. 

Ол коронавирустық инфекция жағдайында кодтау алгоритмі екі кодпен қолданылатынын айтып өтті.

ПТР сынағы оң болған кезде расталған жағдайлар үшін және расталмаған, ықтимал жағдайлар үшін. Егер бірінші код бойынша бәрі анық болса, екінші жағдайда коронавирусқа бірнеше белгі бойынша диагноз қою керек, олар: эпидемиологиялық және клиникалық белгілер. Эпидемиологиялық белгілер - пациент ауру жұқтырған адамдармен нақты байланыста болған кезде, клиникалық белгілері - дене қызуы, құрғақ жөтел. Біз ел бойынша жиналған мәліметтерді 2 тамыздан бастап күнделікті ұсынып отырамыз. Мәліметтер төрт санға негізделеді. Бірінші көрсеткіш - коронавирус ПТР сынағымен расталған пациенттер, екіншісі - өлім жағдайлары, үшіншісі - ПТР сынамалары дәлелденбеген болса да ауырған пациенттер, төртіншісі - сол бойынша өлім нәтижелері, - дейді ДСМ ресми өкілі. 

Оның сөзінше, қолданысқа енгізілетін жаңа тәсіл ауру туралы дұрыс болжам жасауға және статистиканың ашықтығын қамтамасыз етеді. 

Жаңа тәсіл аурудың алдын ала дұрыс болжамын жасауға, барлық қажетті ресурсты дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді: қанша дәрігерді тарту керек, ауруханаларда қанша төсек дайындау керек. Тұтастай алғанда, бұл статистиканың ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл өте дұрыс шешім. Ол тиісті нәтиже береді, - деді Бағдат Қожахметов. 

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген болатын. Кейін коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетіні анықталды. Бұдан бөлек, Қазақстанда коронавирус бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізілетіндігі айтылды.

Өзгелердің жаңалығы