COVID-19. Жалған құжат сатып алсаңыз, ем алып жүрген дәрігеріңізге ескертіңіз – Ажар Ғиният

23 Шілде 2021, 18:14
5069
Бөлісу:
COVID-19. Жалған құжат сатып алсаңыз, ем алып жүрген дәрігеріңізге ескертіңіз – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцинаның жалған құжатын сатып алғандарға қатысты ойын білдірді.

Оның айтуынша, жалған вакцина құжаттарының көбеюіне атсалысып жүргендер көп ұзамай өз жазаларын тартады.

Өкінішке қарай, дәрігерлеріміздің арасында да беделін ластап жүргендер де бар. Қазіргі таңда олар ұсталып, тиісті жауапкершілікке тартылуда, – деді ол.
Сонымен қатар ол екпе алмаған пациенттердің сырқаттануы кезінде вакцина алған адамдарға қарағанда ауруы тез асқынатынын айтты.
Дәрігерлер пациенттің анализіне, клиникалық картасына қарап, тексеріс жүргізеді. Бұл арқылы аурудың белгілері мен симптомдары қадағаланып отырады. Вакцинаның жалған құжатын сатып алған адам сырқаттанып, емханаға түскен жағдайда ем алып жүрген дәрігеріне мойындауы керек. Бұндай жағдайға дәрігерлердің де көзқарасы екі түрлі. Екпе алмаған пациенттердің денсаулығынан тез асқыну байқалады. Сол себепті егер вакцинаның жалған паспортын сатып алсаңыздар, дәрігерлеріңізге мойындауларыңызды сұраймын, – деді ол.
Сөз соңында екпе алу пунктіне вакцина алу үшін не себепті 5 адамнан шақырылатынын айтты.
Вакцина флаконының ішінде 5 доза болады. Ол ашылғаннан кейін 2 сағаттың ішінде 5 адам екпе алуы тиіс. Дәрігерлер жоспар бойынша уақытымен вакцина алатын пациенттерді шақырып отырады, – деді Ажар Ғиният.
Айта кетейік, елімізде орын алған эпидахуалға байланысты елордадағы емдеу орталықтары COVID-19-ды емдеу стационарларына айналып жатқаны белгілі. Сол себепті ведомство өкілі елордалықтар үшін жүгінуге болатын емдеу мекемелерін атаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы