COVID-19: Вирус жұқтырғандар саны 105 миллионнан асты

5 Ақпан 2021, 12:10
1034
Бөлісу:
COVID-19: Вирус жұқтырғандар саны 105 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан КВИ жұқтыру бойынша әлемде 59-орында.

5 ақпан, жұма күні таңертең әлемде коронавирустық инфекцияның 105 миллионнан астам жағдайы анықталды.

Өткен тәулікте жұқтырғандар санының өсуі 504 мыңнан астам адамды құрады. Бұл Worldometer статистикалық сайтының деректері.

Ресми мәліметтер бойынша, әлемнің 105 414 778 тұрғыны COVID-19 жұқтырды, олардың 77 091 969-ы емделіп шықты және аурудың асқынуынан 2 294 412 адам қайтыс болды.

Әлемдік статистикада коронавирус ауруы бойынша көшбасшылар АҚШ (27,3 миллион жағдай), Үндістан (10,8 миллион), Бразилия (9,4 миллион), Ресей (3,9 миллион) және Ұлыбритания (3,8 миллион).

Қазақстан бұл рейтингте 59-орында тұр.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 1186 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Ал 1450 адам коронавирустан емделіп шықты. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Қазақстанда COVID-19-дың салдарынан барлығы 2 540 адам қайтыс болды. 1 тамыздан барлық ауырғандар – 48 158, 579 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 36683-ке жетті.

Өзгелердің жаңалығы