Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШЫҒЫС Қазақстан облысында 139 дәрігер коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.
Бүгінгі таңда 139 дәрігер COVID-19 инфекциясына шалдыққан. Бұл кадрлардың тапшылығы мен қалған медицина қызметкерлеріне жүктеменің көбейе түсуіне себеп болып отыр, - деді басқарма басшысы бүгін өткен онлайн-брифинг барысында.
Басқарма кадр тапшылығы мәселесін Семейдегі Университеттік госпитальдің есебінен, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері мен студенттерін, сондай-ақ, емханалық қызметтердің мамандарын тарту арқылы шешуде.