COVID-19: Қазақстандықтар қай штамды көп жұқтырған?

13 Желтоқсан 2021, 21:44
1197
Бөлісу:
COVID-19: Қазақстандықтар қай штамды көп жұқтырған?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова «20:21» жобасына берген сұхбаты барысында хабарлады. 

Республикада қай штамның бар екендігіне үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз. Орта есеппен екі айда бір еліміз бойынша коронавирус анықталған адамдардағы штамм зерттеледі. Айта кететін жайт, соңғы жүргізілген сынама деректеріне сәйкес, республиканың бүкіл аумағында «дельта» штамы анықталды, - деді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ ол індеттің қауіпті штамын жұқтырмаудың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Дәл қазір бізге штамды ешкім жұқтырмау үшін уақытты соза тұрған тиімді. Себебі «омикрон» штамы туралы ғылыми дәлелденген нақты деректер, клиникалық, эпидемиологиялық дәйектер, алдын алу шараларының тиімділігіне қатысты ақпараттар жоқ. Сол үшін штамды кімдер жұқтырады, ауру ағымы қалай өтеді, қауіптілігі қандай, қай жастағылар жиі шалдығады деген сынды мәселелерді пысықтап аламыз. Штамм туралы көп дерекке қол жеткізу үшін әрекет етудеміз, - деді Айжан Есмағамбетова.

Еске сала кетейік, бұған дейін санитарлық дәрігер қай вакцинаны салдырғандар шетелге шыға алатынына тоқталғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы