Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустан 700 мыңға жуық адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың дені АҚШ пен Бразилияда.
3 тамыз таңғы санақ бойынша бүкіл әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 18 миллионнан асты. Бұған аурудың динамикасын қадағалайтын америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері дәлел бола алады.Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 індеті 18 017 556 адамнан анықталып, оның 688 351-і қайтыс болған және 10 649 108 адам жазылып шыққан.
Инфекцияның таралуы мен өлім-жітім көрсеткіші бойынша көшбасшы елдер - АҚШ (4 666 027 адам вирус жұқтырған, 154 841-і қайтыс болған) және Бразилия (2 733 677 адам вирус жұқтырған және 94 104-і қайтыс болған).