COVID-19. Әлемде не болып жатыр?

21 Шілде 2020, 11:02
1762
Бөлісу:
COVID-19. Әлемде не болып жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 шілдеде әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 14,45 миллион адамнан асты.

Коронавирустан жаппай вакцинация 2021 жылдың ортасында басталуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) басшысының орынбасары Сумия Сваминатан мәлімдеді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп COVID-19 пандемиясына байланысты маска тағуды міндетті емес, ерікті түрде қолдаса, Францияда міндетті маска режимі енгізілді. Енді барлық жабық бөлмелерде, атап айтқанда, дүкендерде, сауда орталықтарында, әкімшіліктерде, банктерде және жабық базарларда маска тағып жүру міндетті. Тәртіп бұзғандарға 135 еуро айыппұл қарастырылған.

Соңғы тәулікте Италияда коронавирустан үш науқас көз жұмды, бұл осы жылдың ақпан айында елде төтенше жағдай басталғаннан бергі ең төмен көрсеткіш.

Израиль коронавирус пандемиясына байланысты шетелдіктердің келуіне тыйым салуды тағы бір айға ұзартты. Сонымен қатар, бұл елдің медбикелері жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты.

Соңғы уақытта Чехияның оңтүстігінде маусымдық жұмыс істейтін украиндар арасында коронавирус жұқтырғандар санының өскені байқалады. Енді елге келген украиналықтардан COVID-19-ға қатысты анықтама талап етілетін болады.

Лондон COVID-19 пандемиясымен күрес аясында маскалық режимді енгізбек. Маска тағу 24 шілдеден бастап елдегі дүкендер мен қоғамдық көліктерде міндетті болады.

Сауд Арабиясы қажылық шараларына толық дайын. Бұл туралы қажылықтың қауіпсіздік күштері қолбасшысы Заед әл-Тувайлан мәлімдеді. Билік коронавирустық инфекцияны тежеу және қажыларды қорғау үшін төтенше шаралар туралы мәлімдеді.

20 шілдеде әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 14,45 миллион адамнан асты. Пандемия 188 елді қамтыды. Бұған Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері дәлел.

Университет ақпараты бойынша, әлемде 14 457 916 адам вирус жұқтырған. Өткен тәулікте жұқпалы індетті жұқтырғандар саны шамамен 169,2 мыңды құрады. Пандемия басталғалы бері 605 205 адам көз жұмды, 8,1 миллионнан астам адам сауығып кетті.

Өзгелердің жаңалығы