Алматы, BAQ.KZ. Британиялық ғалымдар коронавиурс инфекциясы кезінде бүйрек ауратындар арасында өлім жоғары болатынын анықтаған.
Лондондағы Империялық колледж ғалымдары вирус жұқтырған 327 адамның мәліметіне талдау жасаған. Бұл науқастардың барлығы 10 наурыз бен 23 шілде аралығында Лондон мен Бирмингемдегі төрт аурухананың жансақтау бөліміне түскендер.
213 науқастың бүйрегінде ақау болған, кейбірінде созылмалы ауру болса, тағы бір бөлігінде инфекциядан кейін туындаған. Осы науқастардың 107-сі көз жұмыпты. Ал бүйрегі ауырмайтын 156 науқастың арасында 32 адам қайтыс болған.
Ғалымдар мұны коронавирустық инфекцияның ағзаға тұтастай әсер етуімен, өкпе мен бүйрек арасындағы «өзара байланыспен» және ауруды емдеуде улы заттарды қолдануымен байланыстырады.
Бұған дейін Ливерпуль университетінің ғалымдары тұмау мен COVID-19 ауруы өлім қатерін алты есеге арттыратынын айтып, дәйек келтірген.