Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
1 769 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 522 адам, 247 Қазақстан азаматы анықтамасыз келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 084 жолаушы, анықтамамен - 879, анықтамасыз - 205;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 483 жолаушы, анықтамамен - 455; анықтамасыз - 28;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 202 жолаушы, анықтамамен - 188; анықтамасыз - 14.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 8 қаңтарында анықтамасыз келген 229 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбул – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
Сонымен қатар, БАӘ ұшып келген Түркия азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.