COVID-19: Франция үшінші локдаунға дайындалып жатыр

24 Қаңтар 2021, 17:48
1398
Бөлісу:
COVID-19: Франция үшінші локдаунға дайындалып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа карантин режимі келесі аптаның соңына дейін күшіне енеді. 

Le Journal du Dimanche газетінің мәліметінше, Францияда алдағы күндері коронавирусқа байланысты жаңа, яғни үшінші карантин жариялануы мүмкін.

Қазір жаңа локдаунның мерзімі мен нақты шектеулер талқылануда. Бұл карантин Францияда коронавирустың «британиялық» нұсқасы мен Оңтүстік Африкадан шыққан жаңа штаммының тез таралуына байланысты болып отыр.

Франция Президенті Эммануэль Макронның жаңа шектеулер туралы үндеуі 27 қаңтарда болуы керек.

Жаңа карантин режимі келесі аптаның соңына дейін күшіне енеді және «кем дегенде үш аптаға созылады», - деп хабарлады ақпарат көзі.

Дегенмен, газеттің мәліметіне сәйкес, кейбір шектеу жеңілдетілуі мүмкін. 

Атап айтқанда, билік қажетті санатқа жатпайтын тауарларды сататын дүкендердің жұмысына шектеулі уақытқа рұқсат беру мүмкіндігін қарастыруда.

Айта кетейік, 24 қаңтардағы Хопкинс университетінің статистикасы бойынша Францияда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 73 018 адамға жетті. Ал пандемия басталғалы бері 3 093 619 жағдай тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы