Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс инфекционист дәрігері Динагүл Баешева ОКҚ эксперттік баспасөз мәжілісінде Қазақстанда өзге елдердің тәжірибесіне сай, балаларға жеті жастан бастап екпе салуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады BAQ.KZ Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Біздің кеңесшілік комитет қазір балаларға жеті жастан бастап екпе салу жайын зерттеп жатыр. Мұндай мәселеде біз дәлелдер базасына, клиникалық хаттамаларға, халықаралық ұсыныстарға сүйенеміз. Біз қазір бірқатар құжатты зерттеп жатырмыз, қалай алғашқы ұсыныстар пайда болады, біз дереу бұл мәселені қарастырамыз, – деді Динагүл Баешева.
Айта кетейік, елімізде балаларға Covid-19-ға қарсы екпе 12 жастан бастап салынады.