COVID-19. Елде індетке қарсы қандай вакциналар бар?

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімде<span style="-webkit-text-stroke-width:0px;background-color:rgb(255, 255, 255);color:rgb(33, 37, 41);display:inline !important;float:none;font-family:-apple-system, BlinkMacSystemFont, &quot;Segoe UI&quot;, Roboto, &quot;Helvetica Neue&quot;, Arial, &quot;Noto Sans&quot;, &quot;Liberation Sans&quot;, sans-serif, &quot;Apple Color Emoji&quot;, &quot;Segoe UI Emoji&quot;, &quot;Segoe UI Symbol&quot;, &quot;Noto Color Emoji&quot;;font-size:16px;font-style:normal;font-variant-caps:normal;font-variant-ligatures:normal;font-weight:400;letter-spacing:normal;orphans:2;text-align:left;text-decoration-color:initial;text-decoration-style:initial;text-decoration-thickness:initial;text-indent:0px;text-transform:none;white-space:normal;widows:2;word-spacing:0px;">ді.&nbsp;</span></p>

 22 Шілде 2022 2022, 16:27
22 Шілде 2022 2022, 16:27
2146

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімдеді. 

Бүгінгі таңда республикамызда вакцинация мен ревакцинация жалғасып жатыр. Қазіргі таңда елде вакцинация үшін вакцинаның 3 түрі – Казвак, Синофарм мен Пфайзер, ал ревакцинация үшін – Казвак пен Синофарм бар. Егу пункттерінде вакцинаның 1,6 млн дозасы қалды, - деп атап өтті басқарма басшысы. 

Сонымен қатар ол халықтың вакцина алу қарқынына тоқталды. 

Қазір коронавирусқа қарсы вакцинамен тиісті халықтың 80%-дан астамы немесе бүкіл халықтың 56%-дан астамы қамтылды. І компонентті 10,7 млн адам, ІІ компоненті 10,4 млн адам алды. Тәулігіне 5 мыңнан астам адам екпе салдырады. Ал ревакцинацияны 4,9 млн адам алған, тәулігіне 10 мыңнан астам үшінші рет екпе алады. Қайта вакцинаны 320 мыңнан астам адам салдырып үлгерді, - деді ведомство өкілі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ДСМ өкілі қай өңірдің халқы коронавирусты көп жұқтырып жатқаны туралы айтқан болатын. 

Наверх