COVID-19. Ең жоғары өсім Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді

16 Шілде 2020, 11:30
2070
Бөлісу:
COVID-19. Ең жоғары өсім Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "КВИ бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты.

Қазақстанда бүгінде коронавирус инфекциясының 65 188 жағдайы тіркелген. 25 688 науқас емін жалғастыруда, 39 066 науқас сауығып шыққан. Соңғы аптада (6-12 шілде аралығы) республика бойынша 11 325 жағдай тіркелген. Алдыңғы аптамен салыстырғанда өсім көлемі 6,7%. Өткен тәулікте елімізде 1674 жаңа жағдай тіркелді (өсім 2,6%). Жаңа жағдайлардың дені Алматы қаласынан (219) және Атырау облысынан (218) анықталған. Ең жоғары өсім Солтүстік Қазақстан (5,1%) және Шығыс Қазақстан облыстарында (3,9%) байқалды. Жалпы, республика бойынша 25 688 науқас, оның ішінде 192 бала ем-дом шараларын қабылдап жатыр. Стационарда 9 966 науқас болса, амбулаторлық деңгейде 15 722 науқас емделіп жатыр, - деді ол. 

Тимур Сұлтанғазиев төтенше жағдай кезіне шектеу шараларын енгізу республиканың барлық өңірінде оң нәтиже бергенін айтты.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың күнделікті өсімі тұрақталып келеді. Өкінішке қарай, карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін сақтық шаралар, әлеуметтік қашықтық қатаң сақталмады. Бұл елдің ірі қалалары мен облыс орталықтарында  инфекцияның таралуына алып келді. Коронавируспен ауырған науқастарды уақытылы анықтауда, оқшаулау және емдеу бойынша қабылданып жатқан шараларды орындау оң нәтиже беруі тиіс, - деді ол. 
Комитет төрағасы инфекция жұқтырып алмаудағы басты қағида – әрбір азаматтың өзін-өзі тәртіпке келтіруі, жұмыста да, үйде де санитарлық қағидаларды сақтауы екенін тағы бір еске салды.
Жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін санитарлық қауіпсіздік қағидаларын ұстану қажет. Бірінші кезекте бұл – жұмыста, қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтық, масқа тағы, жеке гигиена ережелерін сақтау. Басты қағида – әрбір азаматтың өзін-өзі тәртіпке келтіруі, жұмыста да, үйде де санитарлық қағидаларды сақтауы, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы