COVID-19-дың екінші толқыны: Оқушылар қалай оқиды?

13 Қараша 2020, 18:46
1744
Бөлісу:
COVID-19-дың екінші толқыны: Оқушылар қалай оқиды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында қала мектептерінде екінші тоқсанда оқу барысын ұйымдастыру туралы айтты. 

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулыларына сәйкес, бірінші тоқсанда кезекші топтар 1-4 сыныптарда ашылды. Кезекші сыныптарда оқыту санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жүзеге асырылады.  

Білім басқармасының бірінші тоқсанның соңындағы мәліметі бойынша:

- қаланың 140 мемлекеттік мектебінде 985 кезекші сынып ашылды, 12 928 бала контингенті бар;
- қаладағы 56 жекеменшік мектепте 582 кезекші сынып ашылды, олардың құрамында 7056 бала бар. 
 
Сонымен бірге, 2020 жылғы 9 қарашада Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің № 56 қаулысымен, 5 сыныптарда, халықаралық мектептерде 7 сыныптарға дейін ата-аналарының өтінішімен, оқушы саны 15 баладан аспайтын тұрақты режимде жұмыс істеуге рұқсат етілген. Бүгінгі таңда 5-сынып ата-аналарынан екінші тоқсанда кезекші сыныптарда оқуға 578 өтініш түсті. 

Кезекші сыныпта оқуға созылмалы аурулары жоқ балаларға рұқсат беріледі. Балалардың кезекші сыныптарда оқуды таңдау құқығы олардың ата-аналарына немесе балалардың заңды өкілдеріне беріледі. Бірінші тоқсанда КВИ-мен ауырған балалар саны 26 адамды құрады, олардың екеуі штаттық режимде оқыған. Қаладағы эпидемиялық жағдайды ескере отырып, ата-аналар немесе балалардың заңды өкілдері оқушыларды кезекші сыныптарда оқуға жібере отырып, балалардың қоғамдық ортада болатынын және олардың тарапынан коронавирус инфекциясын жұқтырудың қаупін болдырмау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет, - деп атап өтті Жұманов.
 
Ата-аналар оқу күні басталар алдында мектепке кіретін сыртқы есікке дейін алып келіп, оқу күні аяқталғаннан кейін мектептің сыртқы кіретін есігінен үйге дейін алып жүруді жүзеге асырады. 
Мектеп дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етіледі (кіре берістегі дезинфекциялау кілемшесі, тепловизорлар, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинауды қамтамасыз етуге арналған құралдар).

Мектепте қамтамасыз етіледі:
 
- әлеуметтік алшақтық үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;
 
- білім алушылар мен педагогтердің, басқа қызметкерлердің физикалық байланыстарын қысқарту;
 
- әлеуметтік алшақтықты қамтамасыз ету үшін мектеп алаңдарын барынша пайдалану;
 
- кабинеттік жүйені жою, 
 
- әртүрлі сыныптар үшін әртүрлі уақытта сабақтар арасындағы үзілістерді ұйымдастыру;
 
- мектепке кіру кезінде білім алушылардың температурасын күнделікті өлшеу;
 
-  әр ауысымнан кейін, ауысымдар арасында, дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да үй-жайларда ылғалды жинау, ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, терезе төсеніштерін дезинфекциялау;
 
- медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі (күн сайын температураны өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырғандар анықталған жағдайда оқшаулау, барлық сыныпты қашықтан оқытуға көшуді қамтамасыз ету, сыныпты штаттық режимге қайтару кезінде сынып балаларының жағдайын бақылау);
 
-  білім алушылардың бір бағытта қозғалуы үшін дәліздердегі едендегі белгілер, біреуі балаларды қабылдау үшін, екіншісі – балалардың сабақтан кейін кетуі үшін.
 
Кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне қойылатын талаптар:
 
1) сыныптың толымдылығы – 15 баладан артық емес;
 
2) сабақтың ұзақтығы – 40 минут; 1-сыныпта-сатылы режим;
 
3) үзілістер әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта;
 
4) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;
 
5) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
 
6) білім алушыларға жеке парта және орындық бекітілген;
 
7) білім алушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе заттары және т. б.) пайдаланады;
 
8) әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау;
 
9) әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды қолдану.



Өзгелердің жаңалығы