COVID-19-дың антиденені жоятын мутацияланған түрі анықталды

6 Желтоқсан 2020, 19:19
7128
Бөлісу:
COVID-19-дың антиденені жоятын мутацияланған түрі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар коронавирустың антиденелерге қарсы тұра алатын мутацияға ұшыраған жаңа түрін анықтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жарияланды. 

Фред Хатчинсон атындағы онкологиялық зерттеулер орталығының мамандары індетпен күресу мақсатында дайындалған антиденелерден жалтара алатын SARS-CoV-2 мутациясын анықтаған. Тәжірибе ретінде ғалымдар карта жасап, оған науқастарға мамандандырылған терапия аясында берілетін үш моноклоналды антиденелердің өзара байланысуына жол бермейтін COVID-19 мутациясының барлық мүмкін болған түрлері енгізілген.

Осы мутациялардың бірі – антиденелердің бүкіл «коктейлінен» жалтарса, басқалары үш антидененің біреуінен селективті түрде жалтара алады. 

Ғалымдар бұл өзгерістердің кейбіреулері COVID-19 жұқтырғандарда кең таралғанын және антиденелердің барлық жиынтығына қарсы тұратын мутация Нидерланды мен Данияда табылғанын атап өтті, - делінген ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы