COVID-19-дан сауығып шыққан қазақстандықтар үлесі – 63,8%

25 Шілде 2020, 15:35
1416
Бөлісу:
COVID-19-дан сауығып шыққан қазақстандықтар үлесі –  63,8%

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық ақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда сырқаттанғандар санынан сауығып шыққан пациенттердің үлесі 63,8%-ды құрады.

2020 жылғы 1 шілдеден 25 шілдеге дейін:

-COVID-19 инфекциясын жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,1%-ға дейін төмендеді;
- жедел жәрдем шақыруларының саны 35%-ға қысқарды, оның ішінде КВИ бойынша 37%;
- реанимациялық төсек-орындарды қамту 73%-дан 57%-ға дейін төмендеді;
- провизорлық және инфекциялық стационарлардың жүктемесі 54%-ға дейін азайды;
- сауығып кеткен қазақстандықтар саны 63%-ға артты, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы