Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу жылы басталғалы Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары арасында COVID-19-дың 381 жағдайы тіркелген. Оның ішінде, 187-сі оффлайн форматта оқитын оқушылар болса, 194 жағдай қашықтан оқитын оқушылар арасында тіркелген.
3 тоқсан басталғалы (11 қаңтардан бастап) облыс мектептерінің оқушылары арасында 167 КВИ жұқтыру фактілері тіркелген. 89 - оқушы оффлайн форматта, 78 - қашықтан оқитын оқушылар арасында анықталған.
2021 жылдың 8-12 ақпан аралығында облыс аумағындағы Қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 13 мектеп карантинге жабылған.
2021 жылдың басынан Батыс Қазақстан облысының аумағындағы мемлекеттік шекара бекеттері арқылы 34 899 адам өткен. 6 955 жолаушы азаматтардың 867-сінде COVID-19-ға теріс нәтижесі көрсетілген анықтам болмаған. Аталған жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР әдісімен COVID-19 тест алынған, 4 жолаушының тест қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.
Аталған аралықта БҚО аумағы арқылы екі жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын 18 265 жүргізуші өткен. 5 850 жүргізушінің арнайы анықтамасы болмауына байланысты ПТР әдісімен COVID-19 тест алынып, 7 жүргізушінің КВИ жұқтырғаны анықталған.