COVID-19. Бір айда 747 медицина қызметкері ауру жұқтырған

27 Қараша 2020, 19:20
1470
Бөлісу:
COVID-19. Бір айда 747 медицина қызметкері ауру жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

20 қазаннан бастап 747 медицина қызметкері ауру жұқтырған. Эпидемиологиялық тексеру қорытындысы бойынша, 118 адамда коронавирустық инфекция ауруы кәсіби қызметімен байланысты, ал қалған медициналық қызметкерлерде оған байланысты емес, - деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, бұған дейін комитет төрайымы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған такси жүргізушілері туралы хабарлауға шақырған еді ().

Сондай-ақ,  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желтоқсан-қаңтар айларында елде карантиндік шаралардың күшейтілу мүмкіндігі жайында айтты. Министр сонымен қатар, оқу жылы басталғалы бері 1741 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырғанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы