Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 14 сәуірдегі ақпаратты ұсынды.
14 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 821 адам коронавирус инфекциясынан (35 322 КВИ+ және 499 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 482 пациент стационарда, 23 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 579 адамның жағдайы ауыр;
• 162 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 117 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сонымен қатар министрлік COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі таратты.
2021 жылғы 12 сәуірдегі мәлімет бойынша 130 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған. 101 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 51 539, өлім жағдайлары - 736, барлығы 50 304 адам сауығып шықты.