COVID-19-бен ауырып тұрғандарға вакцинаның бір дозасы жеткілікті — ғалым

26 Маусым 2021, 12:36
5789
Бөлісу:
COVID-19-бен ауырып тұрғандарға вакцинаның бір дозасы жеткілікті — ғалым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинациядан кейін антиденелерді тексеру қажет. Егер олардың мөлшері жеткілікті деңгейде болса, екінші инъекция қажет емес.

Коронавируспен ауырып тұрған адамдарға инфекциядан қорғау үшін вакцинаның бір дозасын егу жеткілікті. Бұл пікірді Италияның жетекші жұқпалы аурулар жөніндегі мамандарының бірі Маттео Бассетти ТАСС-қа берген түсініктемесінде айтты.

Сарапшының айтуынша, вакцинаны сауыққаннан кейін үш айдан кейін салу керек.

Тәжірибе көрсеткендей, бір доза жеткілікті, бірақ бұл жағдайда антиденелерге талдау жасап, нәтижеге сүйене отырып, екінші дозаның қажеттілігі туралы шешім қабылдаған жөн, - деді Бассетти.

Сонымен қатар, егер антиденелер жеткілікті мөлшерде болса, екінші доза қажет емес дейді маман.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға болатындығын алғаш рет мойындады. Алайда, ең алдымен, қауіпті топтардағы 12-15 жастағы балаларды вакцинациялау керек екендігін атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы