COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 353 науқас анықталды

11 Қыркүйек 2020, 09:22
1149
Бөлісу:
COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 353 науқас анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 353 және 1 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 37 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 28 928, 318 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 642-ге жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 596 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 523 науқас жатыр. 2 073 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 137 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.​

a26e4066-7338-4ac1-8a73-b8397035993a.jpg


Өзгелердің жаңалығы