Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн өткен брифингте ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры, ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Каролин Кларинвал барлық елге бірдей әмбебап шешім туралы пікірін білдірді.
ДДСҰ пандемия басталғалы бірқатар ұсыным жасады. Біз барлық елге әмбебап шешімнің болғанын қалаймыз. Барлық елге бірдей ем бойынша ұсыным беруге қуанатын едік. Алайда қабылданатын шаралар әрбір елдің контекстіне сай келуі керек. Біздің бақылағанымыздай, барлық шешім денсаулық сақтау саласы мен елге қолайлы болуы керек. Ол жергілікті деңгейде енгізілуі керек. Себебі елдердің барлығы әртүрлі. Денсаулық сақтау жүйесі де ерекше. Әр шешім сол елге қолайлы болуы керек. Бұл - оңай емес. Мен бұл міндетті жүзеге асыруға үнемі тырысатын ҚР Үкіметі мен ДСМ-ның жұмысын жоғары бағалаймын. Денсаулық сақтау министрі пандемия басынан бері өзге елдер қандай тәжірибе қолданып жатқанына қызығушылық танытты. Ол өзге елдердің тәжірибесін өз елінде қолдануға мүдделі. Мұндай әдіс мақтауға тұрарлық, - деді ол.
Каролин Кларинвал айтқандай, Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау қызметі туралы мәліметті беруге жауапкершілік алады.
Қоғам мен әрбір азамат ауруды таратпау бойынша жауапкершіліктің жүгін түсінуі керек. Әр азамат жеке гигиена талаптарын сақтап, айналасына ауруды жұқтырмаудың жолын іздеуі керек. Қоғамдық орындарда маска тағып жүру керек. Бұл - осы күнге дейін әрбір азаматқа ұсынылатын шешімдер, - деді ол.