Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде коронавирус инфекциясынан айығып шыққандар саны 83 адамға жетті, деп хабарлады Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
Теңіз кен орнының 41 жастағы қызметкері - инфекциялық стационардан емделіп шықты. Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен, - делінген таратылған ақпаратта.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 83 адамға жетті. Ал, қауіпті індетті жұқтырғандар саны - 240.