Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты 31 мамырға жасалған пессимистік болжам. Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Темірбек Мусағалиев хабарлады.
Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты бірнеше даму сценарийіне дайындық жоспарын жасақтаған.
Оқшаулау режимін сақтаған жағдайда, мамырдың аяғына дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 800 адамнан аспауы мүмкін.
Ал, карантиндік режим бұзылған жағдайда, қатерлі инфекцияға шалдыққандар саны 31 мамырға қарай 2 мың адамнан асуы мүмкін. Сол себепті, біздер шектеу шараларын біртіндеп, кезең-кезеңмен алып отыруға мәжбүрміз - деп нақтылады Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Темірбек Мусағалиев.
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің пікірінше, Атырауда қауіпті індеттің кеңінен таралып кетуінің алдын алу - тұрғындардың оқшаулану шараларын қатаң сақтауының және қызметіне рұқсат берілген мекемелердің санитарлық талаптарды бұлжытпай орындауының нәтижесінде мүмкін болған.