Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 1 ақпанан бері мыңнан астам медицина қызметкерлері коронавиурске қарсы «Спутник V» вакцинасын алды. Бұл туралы алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Алматы қаласында жаппай иммундаудың 1 кезеңі басталғаннан бері Қоғамдық денсаулық басқармасының медицина қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметіндегі қызметкерлері вакцина салдырды. Мәселен, 1 ақпан - 360, 2 ақпан - 620 адам, 3 ақпан - 100 адам, 4 ақпан - 65 қызметкер вакцина салдырған, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ вакцина салдырған медицина қызметкерлерінің денсаулығы бірқалыпты екені айтылған.
Медицина қызметкерлерін динамикалық бақылауда ұстайды. Сондай-ақ, вакцинация алғандардың мәліметтері тіркелген жері бойынша емханаға жіберіледі. Емханаларда учаскелік дәрігерлер олардың денсаулық жағдайын бақылауда ұстап отыр, - делінген хабарламада.