COVID-19: Алматыда симптомсыз мыңнан аса адам үйінде карантинде отыр

19 Маусым 2020, 19:18
1484
Бөлісу:
COVID-19: Алматыда симптомсыз мыңнан аса адам үйінде карантинде отыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта симптомсыз COVID-19 диагнозымен 1040 адам үй карантинінде жатыр. Тек соңғы тәулікте симптомсыз 62 жағдай анықталды. 

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифинг барысында мәлім етті.

Эпидемия тарағалы бері Алматыда 3258 адам вирус жұқтырған. Бүгінгі таңда Алматыда 1351 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның 39-ы бала. Провизорлық стационарда 261 науқас бар. Карантиндік стационарда 407 науқас бар. Стационардағы науқастардың жағдайына тоқталсам, 7 адамның денсаулығы өте ауыр. 123 науқас ауыр жағдайда. 889 науқастың жағдайы орташа ауырлық деңгейінде. 5 науқас арнайы аппараттың көмегімен дем алып жатыр, - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол бір тәулік ішінде 133 науқас жазылып, ауруханадан шығарылғанын айтты. Пандемия басталғалы бері жалпы 2 157 адам жазылып шыққан. 

Өкінішке қарай, қауіпті індеттен 17 адам көз жұмған, тек соңғы 3 аптада 7 адам қайтыс болыпты. 

Диагностикалық хаттамаға енгізілген түзетулер бойынша біздің дәрігерлер ПТР талдаудан өтпеген, бірақ коронавирусқа ұқсас сырқатпен шағымданған тұрғындарға кеңес беріп, олардың ем қабылдауына көмектесетін болды. Бұл жағдайды бақылауда ұстауға және науқастардың ауруын асқындырып алмауына мүмкіндік береді, - деді Надыров.
Өзгелердің жаңалығы