COVID-19: Әлемде жұқтырғандар саны 50 миллионнан асып кетті

9 Қараша 2020, 14:30
1610
Бөлісу:
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар саны 50 миллионнан асып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 50 миллионнан асты, оның 1 255 250 жағдайы өліммен аяқталған. Бұл деректерді Джон Хопкинс университеті жария етті. 

Коронавирус дүниежүзінде өршіп тұр. Әлемде инфекцияны жұқтырғандардың саны 50 316 476-ға жетті. Қазіргі уақытта Еуропа қайтадан пандемияның эпицентріне айналуда. Бұл құрлықта қауіпті дерттің расталған 12,6 миллион жағдайы тіркелген. Оның 305 700-і өліммен аяқталды. Өткен аптада әлем бойынша анықталған 3,9 миллион науқастың жартысынан көбісі (2,1 миллион) Еуропаның тұрғындары болып табылады. Соңғы жеті күнде індеттің ең көп жаңа дерегі Францияда тіркелді - 381000 жағдай. 

Сонымен қатар Италия (223000), Ұлыбритания (160 000), Польша (159 000) және Испанияда (143 000) да қауіпті дертті жұқтырғандар күн сайын артып жатыр. 

COVID-19 вирусы көп тіркелген елдер тізімі: Америка Құрама Штаттары - 9 961 324, Үндістан - 8 507 754, Бразилия - 5 664 115, Франция - 1 835 187, Ресей - 1 760 420, Испания - 1 328 832, Аргентина - 1 242 182, Ұлыбритания - 1 195 350, Колумбия - 1 143 887, Мексика - 967 825. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 610 адам тіркелді. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 116772 адамды құрап отыр. 

Өзгелердің жаңалығы