Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та COVID-19 індетінен өлім-жітім көрсеткіші артып келеді.
Бұл туралы Reuters хабарлады.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан 1000 астам адам көз жұмған. Қауіпті инфекция сағат сайын 42 адамның өмірін жалмаған.
Мамандар аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына алаңдаулы.
Таяуда елде міндетті маска тағу режимі 2022 жылдың 18 қаңтарына дейін ұзартылды.
Осылайша мамандар адамдар көп шоғырланатын жерде вирустың таралуын тоқтатпақ.
Жергілікті билік қоғамдық көліктерде, вокзал мен әуежайлардағы санитарлық талаптар қатаң сақталуы шарт деген талап қойды.
Айта кетейік, бүгінде АҚШ – вирус құрбандарының саны бойынша әлемде көш бастап тұр. Жалпы елде пандемия басталғалы 629 мың адам осы кеселден қайтыс болды.