COVID-19. 76 науқастың жағдайы өте ауыр

15 Қаңтар 2021, 09:36
1083
Бөлісу:
COVID-19. 76 науқастың жағдайы өте ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қаңтардағы мәлімет бойынша,  23 734 адам короновирус инфекциясынан (11 922 КВИ+ және 11 812 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 142 пациент стационарда, 17 592 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

• 285 адамның жағдайы ауыр;

• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.   

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 13 қаңтардағы мәлімет бойынша 76 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған. 112 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 46 666, өлім жағдайлары - 533, барлығы 34 321 адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы