Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2 шілдедегі ақпаратты жариялады.
2 шілдедегі мәлімет бойынша 27 261 адам коронавирус инфекциясынан (25 938 КВИ+ және 1 323 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 255 пациент стационарда, 19 006 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 517 адамның жағдайы ауыр, 118 пациенттің жағдайы өте ауыр, 72 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.