Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуал бойынша елдің бес облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
20 қаңтардағы жағдай бойынша:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
Елдің өзге облыстары мен қалалары «жасыл» аймақта.