Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылдың 11 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.
11 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 498 адам короновирус инфекциясынан (11 577 КВИ+ және 11 921 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 608 пациент стационарда, 17 890 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 272 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сонымен қатар, COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар мәліметі бойынша 27 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 46 350, өлім жағдайлары - 525, барлығы 33 904 адам сауығып шықты.