Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 22 қаңтардағы ақпарат жарияланды.
22 қаңтардағы мәлімет бойынша, 135 963 адам коронавирус инфекциясынан (–134 456+ және 1 507 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 241 пациент стационарда, 126 722 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 405 адамның жағдайы ауыр, • 104 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 57 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.