Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 29 қаңтардағы ақпаратты жариялады.
29 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 520 адам короновирус инфекциясынан (15 877 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 571 пациент стационарда, 20 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 268 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.