Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 ақпандағы ақпаратты жариялады.
12 ақпандағы мәлімет бойынша, 24 847 адам коронавирус инфекциясынан (15 440 КВИ+ және 9 407 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 372 пациент стационарда, 19 475 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 255 адамның жағдайы ауыр;
• 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.