Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 15 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.
13 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 9 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 174 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49810, 655 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45069-ға жетті.