Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 10 мамырдағы ақпаратты жариялады.
10 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 723 адам коронавирус инфекциясынан (41 275 КВИ+ және 448 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 063 пациент стационарда, 26 660 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 790 адамның жағдайы ауыр,
• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 108 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.