Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 1 маусымдағы ақпаратты жариялады.
1 маусымдағы мәлімет бойынша, 26 393 адам коронавирус инфекциясынан (25 872 КВИ+ және 521 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 984 пациент стационарда, 16 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 629 адамның жағдайы ауыр,
• 148 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
30 мамырда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 11 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 54 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 55263, 913 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 373-ке жетті.