Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 24 шілдедегі ақпаратты жариялады.
24 шілдедегі мәлімет бойынша, 75 005 адам коронавирус инфекциясынан (–73 091 + және 1 914 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 21 681 пациент стационарда, 53 324 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 1 325 адамның жағдайы ауыр, • 287 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 175 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.