Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада коронавирустық инфекциядан жазылып шыққан 3 науқастың жағдайы қандай екен белгілі болды.
Олар 18 наурыздан бастап стационарлық емдеуде болды.
Барлық емделушілер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды.
Жүргізілген емдеуден кейін теріс нәтижемен 24 сағат интервалмен КВИ-де 2 рет зерттеу жүргізілді. Енді олар 14 күн бойы үй карантинiнде болады, - делінген хабарламада.