CONNECTED-2024: Астанада стартаптар көрмесі мен халықаралық конкурс өтеді

3 Қазан 2024, 16:52
423
Бөлісу:
CONNECTED-2024: Астанада стартаптар көрмесі мен халықаралық конкурс өтеді
Фото: www.connected.kz

18-19 қазанда Қазақстан астанасында «CONNECTED-2024: Келешек бейнесін пайымдау» халықаралық конференциясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конференция ашық (18 қазан) және жабық (19 қазан) сессияларды қамтитын аралас форматта жоспарланған. Конференция тек форматымен ғана емес, идеологиялық мән-мағынасымен де  ерекшеленеді.

Іс-шара идеясының авторлары атап өткендей, CONNECTED-2024 бағдарламасының басты мақсаты болашақтың бейнесін құндылықтарды бағалау арқылы түсінуге бағытталған.

Ұйымдастырушылар болашаққа мәдениеттер мен философиялардың, технологиялар мен инновациялардың, табиғатпен өзара үндесудің дүниетанымы призмасы арқылы қарауды ұсынады.

Іс-шара бағдарламасына спикерлер ретінде Нобель сыйлығының лауреаттары, ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, жазушылар, әлемнің жетекші EdTech компанияларының негізін салушылар мен өкілдері қатысады. Сондай көзқарастағы жандар жаһандық нарротивтер арқылы болашақтың бейнесін қалыптастырады.

Конференцияға 20-дан астам елден 2000-ға жуық өкіл қатысады деп күтілуде.

Іс-шара бағыттарының бірі бойынша EdTech and Impact Entrepreneurship (білім технологиялары мен импакт-кәсіпкерлік) атауымен бірнеше алаң ұйымдастырылмақ. Ол жерде қатысушылар өздерінің жобаларын ұсынып, қаржылық қолдау ала алады. Конференцияның бұл бағыты құбылмалы қоғамдағы білімнің маңыздылығы мен пайдасына арналады.

Speed Pitching аясында Қазақстандық білім саласындағы стартап авторлары жобаларын ұсынып, оны ары қарай  дамытуға грант ұтуға мүмкіндік алады. Питчинг әйгілі «Голос» жобасына ұқсас ерекше форматта өтеді.

Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның ең батыл әрі амбициялы EdTech-стартаптары да Startup Battle конкурсына қатыса алады. Бұл конкурсқа да қаржылай жүлде қойылған.

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан, Өзбекстан, Эстония, Қырғызстан, Әзірбайжан, Польша, Грузия елдерінің жоба авторлары өтінім жіберіп үлгерді. Өтінім беру 4 қазан күні аяқталады.

Сонымен қатар Орталық Азия мен Шығыс елдерінің  EdTech-стартаптары қатысатын  Startup Alley көрмесін өткізу жоспарланған.

Қазіргі уақытта білім саласында инновациялық сандық шешімдер мен тәсілдер ұсынатын стартаптарды іздестіріп жатырмыз. Біздің мақсатымыз – жобасын жаңа бастаған кәсіпкерлерге әлемдік деңгейде өздерін ұсынуға мүмкіндік беру, жобаларын ары қарай дамыту үшін инвесторлардан қолдау алуға көмектесу - дейді кәсіпкер, IMPRO және әлеуметік AMAN стартапының негізін қалаушы, Ed Tech and Impact Entrepreneurship продюсері Аружан Меде. 

Өзгелердің жаңалығы