Қазақстанның соңғы жаңалықтары

CNN: Мадуро мен оның әйелі Нью-Йорктегі қамау орталығына жеткізілді

Кеше, 07:13
312
Бөлісу:
 AP Photo/Ariana Cubillos
Фото: AP Photo/Ariana Cubillos

АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті Нью-Йорк қаласының оңтүстігіндегі Бруклин ауданында орналасқан қамауға алу орталығына жеткізді. Бұл туралы CNN телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпаратқа сәйкес, Мадуро мен Флоресті алып келген ұшақ Нью-Йорк штатындағы Стюарт қаласында орналасқан АҚШ Ұлттық гвардиясының әуе базасына жергілікті уақыт бойынша шамамен 16:30-да қонған (Астана уақытымен 02:30). Осыдан кейін Венесуэла президенті мен оның әйелі Манхэттенге, АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес басқармасына (DEA) жеткізіліп, кейін қамау орталығына жіберілген.

Тасымалдау барысында америкалық билік тікұшақтар мен арнайы көліктерді пайдаланғаны хабарланды.

NBC News дерегінше, Николас Мадуро 5 қаңтарда Нью-Йоркте сот алдына тартылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы