Қазақстанның соңғы жаңалықтары

CIO Summit 2025: Қазақстанда сөйлеу тілін айыра алатын ЖИ енгізілді

Нұрқанат Атажан
12 Маусым 2025, 11:09
2174
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Алматыда CIO Summit 2025 жалғасып жатыр. Саммит барысында қазақстандық және жаһандық тәжірибеде жасанды инттелектің үлкен компаниялар жұмысына кеңінен енуі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Саммит спикерінің сөзінше, компаниялар жасанды интеллекттің пайдасын дәлелдеуді жиі талап етуде. Осы тұрғыда ерекше үміт – агенттік ЖИ-дің жаңа буынына артылуда.

Жасанды интеллектің жаңа буыны Agentic Al. Бұл ЖИ-жың өзгелерден айырмашылығы – оның жұмысында адамның қадағалап отыру міндеттілігі қажет емес. Ол арнайы жадына сүйене отырып, өзі шешім қабылдап, күрделі процесстер жүргізе алады. Бұл робот қазіргі уақытта көбіне қоймадағы жұмыста қолданып жатыр. Мәселен, Devin атты жасанды интеллект әлемдегі алғашқы толық автономды ЖИ-бағдарламашы. Ол әдетте тұтас әзірлеушілер тобын қажет ететін тапсырмаларды өз бетінше орындай алады: қосымшаларды нөлден бастап жасап, оларды продакшнға дейін іске қосады, кодтағы қателерді тауып, өзі түзетеді, жаңа технологиялар мен кітапханаларды меңгереді, – деді қазақстандық ІТ-менеджерлер қауымдастығының Басқарма мүшесі Андрей Беклемишев.

Қазақстанда үлкен компаниялар ЖИ-мен жұмыс жүргізуді енді ғана бастамады. Мәселен банк секторы клиенттерімен Call-орталық байланыстарында осы роботпен жұмысты кеңінен қолданып жатыр.

Клиенттер бізге хабарласқанда қазақ және орыс тілдерін араластырып сөйлеп жатады. Осындай жағдайларда біз қолданатын жасанды интеллект сөйлесу тілін айыра біліп, сол тілге сапалы түрде бейімделіп кетеді. Бұл біздің қызметкердердің жұмысын 40%-ға жеңілдетеді, – деді Банк ЦентрКредит Деректерді және бөлшек тәуекелдерді басқару жөніндегі вице-президенті Рубина Лозовая.

Бұған дейін Алматыда CIO Summit 2025 басталғанын хабарладық. Саммит цифрлық трансформация саласындағы негізгі көшбасшылар мен жетекші ІТ-шешім жеткізушілерін біріктіретін маңызды алаң.

Өзгелердің жаңалығы