Қазгидромет 16 желтоқсандағы ауа райын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республиканың басым бөлігіне, әліде суық Солтүстік-батыс антициклоны өз әсерін тигізетін болады. Соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында - қар, оңтүстігінде - жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Ел бойынша жел күшейеді.
Жетісу облысының Алакөл өзендері ауданында кей уакыттарда өтте қатты жел тұрады, күші 30 м/с және одан жоғары болады.