Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Аталған 55 жобаның әлі 39-ы іске қосылмаған.
Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында 55 жоба қолға алынғаны белгілі. ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо қанша жобаның толық іске қосылғанын журналистерге сұхбат барысында айтты.
Қазақстан мен Қытайдың бірлескен 55 жобасының 16-сы биыл жүзеге асырылды. Келесі жылы жоспар бойынша тағы 5-6 жоба жүзеге асырылады. Ең маңызды жобаның бірі - шыны зауыты. Бұл Қазақстан Тәуелсіздігінен кейін алғашқы шыны зауыты екенін атап өту керек, - деді дипломат.
Бұған дейін елші Чжан Сяо осы жылы Қазақстанда болған митингтерге қатысты пікір білдірген болатын.