Chill Guy. Әлем неге иттің бейнесіне қызықты?

6 Желтоқсан 2024, 17:46
2654
Бөлісу:
Chill Guy. Әлем неге иттің бейнесіне қызықты?
VIDEO
Фото: Видеодан кадр

Жылдың аяғында күйбең тіршілік пен күнделікті жұмыстан шаршаған адамдарға арналған мем пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Chill Guy қайдан шықты?

Желі беттерінде белгісіз иттің мемі тарап жатыр. Мемді былтыр суретші Филип Бэнкс салған еді. Онда сұр жемпір, көк джинс және қызыл аяқ киім киген ит суреттелген. Автор оны "өте сабырлы, ештеңеге алаңдамайтын жігіт" деп сипаттайды. Көпшілік итті көп нәрсеге мән бере қоймайтын, уайымсыз адам ретінде таныды.

Менің жаңа кейіпкерім. Оның бар мағынасы – ештеңеге мән бермейтін, бейқам жігіт, - дейді сурет авторы.

Алғашқыда Instagram-да жарияланған бұл сурет әлеуметтік желілерде тез таралып, Twitter, TikTok сияқты платформаларда түрлі контексте қолданылған. Қолданушылар иттің бейнесін әртүрлі фондарға салып, әртүрлі әзіл мен сарказм жеткізген.

Психологтар не дейді?

Психологтар Chill Guy мемінің танымал болуына бірнеше себеп барын айтады. Ең алдымен, бұл мем қазіргі замандағы адамдардың стреске толы өмірде сабырлы болуға деген ұмтылысын бейнелейді. Оның релаксация мен бейқамдығы Z ұрпақтарының аудиториясына жақын. Бұл буын жиі уайым, мазасыздық және эмоциялық шаршау мәселелеріне тап болады деседі. Сондықтан Chill Guy мемі олар үшін тыныштық пен еркіндіктің символы.

Неге ерлерге тән?

Chill Guy мемі арқылы көбіне ер адамдардың бейнеленуі бірнеше фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, қазіргі қоғамда ерлердің эмоциялық сабырлылық пен күйзелістерге немқұрайлы қарау бейнесі жиі көрінеді. Бұл еркектік мінез-құлыққа тән деп саналады. Мемнің философиялық және "ештеңеге алаңдамау" көзқарасы қоғамдағы ерлерге тән сапалармен байланысты болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы