Чилиде орман өрті ырыққа көнер емес. Осыған байланысты бірнеше өңірде төтенше жағдай жарияланды жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қазір 250-ден аса өрт ошағы тіркелген. Табиғат апатынан 22 адам опат болды.
Тағы 500-ден астамы жарақат алып, 10 тұрғын із-түссіз жоғалып кетті. Тілсіз жауға аптап ыстық себеп. Ауа температурасы рекордтық көрсеткіштерге жеткен. Соның салдарынан көп өңірді қуаңшылық жайлады.