Черногорияда вирустан тәулігіне көз жұмғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

9 Наурыз 2021, 01:43
1347
Бөлісу:
Черногорияда вирустан тәулігіне көз жұмғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Черногорияда соңғы 24 сағат ішінде (8 наурыз күні кешке) коронавирустан 18 адам қайтыс болды. Бұл індет басталғаннан бері бір тәулікте қайтыс болғандардың ең көп саны, деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау институты.

Сондай-ақ бір тәулікте вирус жұқтырудың 417 жаңа жағдайы расталды.

Қайтыс болғандардың көпшілігі Подгорицадан (6), Никшич (4), Будва (2), Бар (2), Беран (1), Бело-Поле (1), Плевля (1) және Рожае (1), қайтыс болған науқастың кішісі 63 жаста, ал ең үлкені 90 жаста болған.

Эпидемия басталғаннан бері қайтыс болғандардың жалпы саны 1085 адамды құрады.


Өзгелердің жаңалығы